"Рақмет саған, жақсы сәттер көп болды": Тұрсынбектің әйелі қоштасу видеосын жариялады

22 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram/moldir.mt. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов

Танымал продюсер Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында жүректі толқытатын бейнеролик жариялап, жанкүйерлерін терең ойға қалдырды.

Видео екі жастың арасындағы сезім, түсініспеушілік пен өкінішке толы қарым-қатынасты бейнелейді.

"Не болса да, жақсы сәттер көп болды. Көп рақмет саған. Бәрі шынайы болды. Бірақ мен бір нәрсені түсіндім:

Адал махаббат – сөзбен емес, іспен дәлелденеді. Уәде емес, әрекет. Сезім емес, тұрақтылық", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Желі қолданушылары тарапынан түрлі пікірлер айтылып, қолдау білдірілді. Бірі "жүрекке жететіндей керемет" десе, енді бірі "ер азамат байыса, неге басқа әйел іздей бастайды?" деп қынжылыс білдірген.

"Бақытты бол", "Түгі жоқ кезде қасында болған адал жарына қиянат жасаған оңбас", "Сабыр түбі – сары алтын. Жақсы болсын бәрі", "Мөлдір хас сұлу ғой" – деді желі оқырмандары.

Тэгтер:

Мөлдір Мұқанова шоу бизнес үнсайд