"Әлсіздерді ренжітпеймін": файтер Қуат Хамитов футболшы Асхат Тағыбергенді келемеждеді

"Әлсіздерді ренжітпеймін": файтер Қуат Хамитов футболшы Асхат Тағыбергенді келемеждеді

фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Асхат Тағыберген мен Қуат Хамитов

Танымал ММА файтері Куат Хамитовқа "Тобыл" футбол клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергенге қарсы жекпе-жекке шығу туралы ұсыныс түсті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Асхат Тағыберген Қазақстан Премьер-лига ойынында өзін балағаттаған бір жанкүйерге "бірге-бір шығасың ба?" деп ұсыныс тастаған.

Дәл осы видеодан кейін Instagram желісінің оқырмандары футболшыны жекпе-жекке шақыруды ұсынған.

Алайда Қуат Хамитов бұл ұсынысқа жауап ретінде Instagram желісіндегі ресми парақшасында былай деп жазды:

"Мен әлсіздерді ұрмаймын да, ренжітпеймін!" – деп жауап берді Қуат Хамитов.

Айта кетейік, ҚПЛ-дың 17-турындағы "Ақтөбе" мен "Тобыл" арасындағы матчтың 0:0 есебімен тең аяқталған.