Әлем чемпионы атанған спортшы Семейдегі мектептің мұғалімі болып шықты

Бүгін, 11:42 / Ахмет Қанатұлы
"КТК" телеарнасы. Суретте: Закир Найманбаев

АҚШ-та өткен Power Slap турнирінде Семей қаласының тумасы Закир Найманбаев қарсыласын нокаутқа жіберіп, шапалақпен ұрудан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

31 жастағы қазақстандық спортшы финалда жергілікті спортшымен кездесіп, қарсыласы оның соққысынан кейін тік тұра алмай қалған. Бұған дейін Закир Эр-Рияд пен Лас-Вегаста да жарысқа қатысып, жұртты естен тандырған нокауттарымен танымал болған.

Закирдың айтуынша, ол арнайы манекенге соққы жасап жаттыққан, тіпті асқабақ пен қарбыз жарып, пианино, көлік, тіпті тірі қой көтеріп, күшін арттырған.

21 шілдеде чемпионды туған қаласы Семейде қарсы алып, жерлестері құрмет көрсетті. Алайда, әзірге ешқандай жүлде алмағанын айтты. Оның басты мақсаты – әлемде осы спорт түрінен мықты екенін дәлелдеу.

"Power Slap – бұл күшті шапалақ. Мұнда адамның шыдамдылығы сыналады: сен қарсыластың соққысына төтеп бере аласың ба, жоқ па? Жаңа Орлеанға барғанда, бірінші болып қарсыласым ұрды. Мен шыдап тұрып, жауап ретінде оны нокаутқа жібердім", – дейді Закир Найманбаев.

Осы уақытқа дейін ол Семейдегі мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ берген, алайда қазіргі таңда ол мектептегі жұмысын тастаған.

Тэгтер:

Семей Закир Найманбаев Power Slap