Нұрғанаттың өліміне "доктордың"қатысы бар ма? Мейірман Шекеев шындықты айтты

22 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден. Суретте: марқұм Нұрғанат Ғайыпбаев

Шерзат ісінде жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне байланысты қоғам назарын аудартатын жазба жариялады.

Заңгер Мейірман Шекеев бұл қазаның жай-жапсары мен тергеу барысындағы олқылықтарды ерекше атап өтті.

Адвокаттың айтуынша, Нұрғанаттың анасы сол күнгі оқиғаға қатысты маңызды мәлімет келтірген. Ол күні доктор Бауыржан Абдрахманов Қаржаубай отбасына қатысты бейнематериал жариялаған. Алайда осы жағдайға байланысты Нұрғанаттың анасы Жұмабике ханым арыз түсірсе де, бұл арыз аяқсыз қалған. Сонымен қатар, адвокат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 24-бабына сәйкес, бұл қылмыстық істегі күмән тудыратын жайттардың тиісті деңгейде тексерілмегенін алға тартты.

Мейірман Шекеевтің бұл жазбасы қоғамда үлкен қолдау тапты. Көпшілік әлеуметтік желілерде пікір қалдырып, адвокатты істі соңына дейін жеткізуге шақырды.

Тэгтер:

Мейірман Шекеев үнсайд Нұрғанат Ғайыпбаев