Ойнап жүріп "ойға келмейтін" ақша табатын қазақ футболшыларын білесіз бе?

21 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
kff.kz. Суретте: футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы

Футбол – жай ғана ойын емес. Бұл – үздіксіз жаттығу, жарақаттармен күрес, ұшақ пен қонақүй арасында өтетін жылдар және, әрине, үлкен табыс көзі. Бүгінде шетелдік клубтарда өнер көрсетіп жүрген қазақстандық футболшылар ерен еңбектің өтеуін молынан алып отыр, деп Sportinside.kz тілшісі Асмира Ермекқызының материалына сілтеме жасап хабарлайды.

Миллионерлер қатарындағы қазақ футболшылары

Бахтиёр Зайнутдинов – Түркияның әйгілі "Бешікташ" клубының жартылай қорғаушысы. Ай сайынғы жалақысы шамамен 80 миллион теңге, ал жылдық табысы 1 миллиард теңгеден асады. Сарапшылардың пікірінше, Зайнутдинов "Галатасарай" секілді топ-клубтардың деңгейіне жете алмаса да, Еуропа футболында жақсы табысқа қол жеткізіп жүрген ойыншылардың бірі.

Нұралы Әліп – Санкт-Петербургтің "Зенит" клубында өнер көрсетеді. Оның ай сайынғы табысы 41,8 миллион теңгені құрайды.

Максим Самородов – Қазақстаннан түлеп ұшып, Ресейдің "Ахмат" клубына қосылды. Қазіргі таңда айына 29 миллион теңге табыс табады.

Абат Айымбетов – Қызылорданың қара баласы бүгінде Түркияның "Адана Демирспор" командасында шабуылшы ретінде ойнайды. Клуб Абатқа сенім артып қана қоймай, ай сайын 29,7 миллион теңге көлемінде еңбекақы төлеп отыр.

Георгий Жуков – бұрын Польшада жартылай қорғаушы ретінде ойнаған Жуков айына 6 миллион теңге алған. Қазір "Ақтөбе" сапында ойнап жүргенімен, жалақысы бұрынғыдан кем емес.

Жаттығу мен табыс қатар жүреді

Иә, сырт көзге бұл ойыннан жеңіл жолмен ақша тауып жатқандай көрінуі мүмкін. Алайда, олардың жеткен жетістігінің артында – жылдар бойы төгілген тер, шаршау, жарақат, режим, жаттығулар, психологиялық қысым және уақытша емес, тұрақты тәртіп жатыр.

Тэгтер:

футбол Қазақстан жалақы Нұралы Әліп Бахтиёр Зайнутдинов Максим Самородов Абат Айымбетов Георгий Жуков