фото: instagram/moldir.mt. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен қызы
Танымал продюсер Мөлдір Мұқанова Алматыдағы саябақтардың бірінде ерекше игі ісімен көзге түсті.
Ол Instagram парақшасында өзі ұйымдастырған әрекеттің видеосын бөлісті. Кадрларда продюсер аруларға раушан гүлін ұсынып, олардың көңілін көтеріп жүргені бейнеленген.
"Қыздар, өздеріңізді жақсы көріңіздер. Сіз – ерекше, қайталанбас, шынайы сұлулықсыз", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетті жылы қабылдап, продюсерге алғыс айтып, түрлі пікір қалдырды. Олардың бірі "гүл шоғы кішкентай болса да – бақыт", десе, енді бірі "әйел адам гүл алса, шын қуанып қалады" деп пікір білдірді.