фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Айгүл Иманбаева
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева "КешREC" бағдарламасында келіні туралы айтып, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас жайында ой бөлісті.
Өнер иесі келіні Асылжанның – ұлының таңдауы екенін, оның Семей өңірінен шыққанын, белгілі абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызының қызы екенін атап өтті. "Қазақ "анасына қарап, қызын ал" деп бекер айтпаған", – дейді Иманбаева.
"Келінім ашық-жарқын, аңқылдаған мінезі өзіме ұқсайды. Табалдырықты аттаған кезде бір-ақ нәрсе айттым: ғұлама болып, ақылгөйленіп, тәрбие беруге тырыспаймын. Себебі, тәрбиенің әсері 13 жасқа дейін жүреді, одан кейін әркім өз жолын өзі қалыптастырады. Маған керегі – келінімнің үнемі дамуы. Білім алуды тоқтатпа дедім. Ұлым шетелде оқып келген, кең көзқарасты азамат. Сондықтан бірге дамып отырса, екеуінің де үйлесімі жақсы болады", – деді Айгүл Иманбаева.
Сондай-ақ ол келініне тек бір өтініш білдіргенін жеткізді – отбасындағы қарт ананың батасын алу.
"Сол кісінің күтіміне көңіл бөліп отырса, соның өзі – үлкен бақыт", – дейді ол.