Елімізге танымал виолончелист Бағжан Октябрь әлеуметтік желідегі парақшасында футболшы Бақтиер Зайнутдиновпен бірге тренд видео жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бағжан Октябрь TikTok желісіндегі ресми парақшасында қазақ футболшысы Бақтиер Зайнутдиновпен бірге түрлі видеолар жариялап жүр. Қазіргі таңда өнер иесі Түркияда жүр, ал Бақтиер Зайнутдинов сол мемлекеттің "Бешикташ" футбол клубында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта БАҚ беттерінде Бақтиер Зайнутдиновтің "Бешикташ" футбол клубынан басқа командаға ауысу туралы ақпарат желдей есіп жүр.