Қазақстандық шахматшы, әйелдер арасындағы гроссмейстер Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында жан тебірентерлік бейнежазба жариялап, анасына деген шексіз махаббатын білдірді. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.
Бибісара жариялаған видеода ол көзіне жас алып, жүрек сөзін ақтарып отыр. Видеомен қатар жазба да жарияланып, ол былай дейді:
«Бәлкім, кейбір істе ұтылған шығармын… Бірақ анаммен – сөзсіз ұттым. Өте қатты жақсы көремін».