Танымал кәсіпкер Дулат Тастекейдің жұбайы Айжан Тастекеева күйеуі туралы айтып, ағынан жарылды.
Айжан Тастекеева Instagram желісіндегі ресми парақшасында күйеуімен қарым-қатынасын, ер адамға қолдау көрсету туралы тебірене жазған.
"Бақытты неке – бұл мінсіз өмір емес. Бұл – ортақ жол. Кейде қиын, реніш пен үнсіздікке толы жол… Бірақ егер негізінде махаббат, шыншылдық пен бір-біріне сенім болса – бәрі жеңілмек. Ер азамат әйелінің сенімімен өседі. Ол шабыт бергенде, кінәламай қолдағанда, түсінгенде – еркек биіктей түседі. Біз де бұл өмірде талай сынақтан өттік. Бірақ сол сәттер – бізді жақындастырды, бекем етті. Махаббат – күн сайынғы таңдау. Және біз бір-бірімізді таңдадық", – деп жазды Айжан Тастекеева.