"Жас жігіттермен өз әлемін жасап алған": Тұрсынбектің әйелі күйзелісте жүрген жоқ (ВИДЕО)

Бүгін, 01:32 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/moldir.mt. Суретте: Мөлдір Мұқанова

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова туралы YouTube-тегі "Ел не демейді?" жобасында айтты.

Бағдарламаның бірінші жүргізушісі Уатхан Біләл өнер иесінің жеке өміріндегі мәселелер туралы айтты.

"Әр нәрсенің өз реті болады ғой. Бұл жерде "жарқырау үшін сыну керек болды" деп елдің назарын өзіне аударып алды. Мөлдірге сол үшін ризамыз. Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова қазір әншілікпен айналысып жүр. Біреулер қолдап жатыр, біреулер даттап жатыр. Жалпы, Мөлдір күйзелісте деп диагноз да қойып тастапты", – деді Уатхан Біләл.

Ал аталмыш бағдарламаның тізгінін ұстаған тағы бір жүргізуші Айзада Оразхан продюсер Мөлдір Мұқанова туралы өз ойын айтты.

"Мен де естідім, мен де көрдім оны. Меніңше, Мөлдір Мұқанова күйзелісте жүрген адамға ұқсамайды. Ел аралап, ән салып, жас жігіттермен өз әлемін жасап алған секілді", – деді Айзада Оразхан.

Тэгтер:

Мөлдір Мұқанова шоу бизнес үнсайд