Танымал өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетіп, өзінің рекордын еселей түсті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Боксшы Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен турнирде өнер көрсетті. Екінші жеңіл салмақта (52,2 кг дейін) өнер көрсеткен өзбек боксшысының қарсыласы – филиппиндік Марк Антонио болды.
Сегіз раундқа созылған жекпе-жекте Хасанбой Дусматовтың төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, 32 жастағы өзбек спортшысы кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Оның бесеуінде қарсыласын нокаутқа түсірген.
Ал 28 жастағы Марк Антонионың еншісінде 11 жеңіс пен 3 жеңіліс бар.
Айта кетейік, Хасанбой Дусматов 2016 жылғы Рио-де-Жанейро және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында алтын медаль иеленген. Сондай-ақ, әлем және Азия чемпионаттары мен Азия ойындарының жеңімпазы атанған.
Сондай-ақ, бұл бокс кешінде сынға түскен қазақ боксшысы Сәкен Бибосыновфилиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңген болатын.