Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов кәсіби рингтегі дебютін сәтті бастады. Жекпе-жек Қырғызстан астанасы Бішкектегі халықаралық бокс кешінде өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Сәкен Бибосынов бұл бокс кешінде филиппиндік Кристиан Леганемен (6-3-1, 4 КО) қолғап түйістірді. 52,1 кг салмақ дәрежесінде жоспарланған алты раундтық жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Сәкен Бибосынов бұл раундта қарсыласына ауыр соққы жасап, нокаутқа түсірді.
Осылайша, Сәкен кәсіби бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, ал қарсыласы Легане екінші рет жеңілді.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында топ жарған. Сондай-ақ ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2021 жылғы Азия чемпионатының қола иегері және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері деген атақтары бар.