«Бекзат ағама құран оқып шықтым»: Бақыт Сәрсекбаев Саттархановтың отбасына арнайы барды

11 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Видеодан скриншот

Бокстан Олимпиада чемпионы, қазіргі таңда бапкерлікпен айналысып жүрген Бақыт Сәрсекбаев Түркістан қаласына арнайы барып, Бекзат Саттархановтың отбасына тағзым етті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

«Ассалаумағалейкум, ағайын! Түркістан облысында Алатау базасында оқу-жаттығу жиындарындамыз. Кеше Түркістан қаласына соғып, бауырым, ағам Бекзат Саттархановтың атындағы спорт кешенін аралап көріп, Сырлыкүл анамызға сәлем беріп, Бекзат ағама құран оқып шықтым», – деп жазды Бақыт Сәрсекбаев.

Бақыт Сәрсекбаев пен Бекзат Саттарханов – қазақ спортында айрықша із қалдырған тұлғалар. Бірі – 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы, екіншісі – 2000 жылы Сиднейде алтыннан алқа таққан дара дарын.

Өкінішке қарай, Бекзат Саттарханов Олимпиададан кейін көп ұзамай, 2000 жылдың соңында жол апатынан қаза тапты.