Қазақстанның ең сұлу волейболшысы атанған Сабина Алтынбекова Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа жазба жариялап, желі қолданушыларының назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жанкүйерлерге ерекше эмоция сыйлаған фотосуреттер Дубайдағы Siro One Za'abeel қонақ үйінде түсірілген. Сабина жазба астына:
"Жаз – жүрекке күн шуағын құйып, әр сәттің қадірін сезінетін мезгіл", – деп жазды.
Желі қолданушылары жарыса пікір қалдырып, спортшының сұлулығына, тартымдылығына, талғамына тәнті болып жатты. Пікірлер арасында:
"Сабинаааа, сен суреттен шыққандайсың!", "Ең сүйкімді әрі тартымды волейболшы", "Қазақ волейболының Ханшайымы", "Керемет" деген жылы лебіздер көптеп кездеседі.