"Келінім итальянка": Жұбаныш Жексенұлы ел естімеген жаңалықты паш етті (ВИДЕО)

"Келінім итальянка": Жұбаныш Жексенұлы ел естімеген жаңалықты паш етті (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Жұбаныш Жексенұлы, ұлы мен келіні

Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы келіні туралы айтып, жұртты таңғалдырды.

Бұл туралы өнер иесі YouTube-тегі "Сыр" жобасында қонақ болып барғанда айтты. Оның айтуынша, басында ұлының басқа ұлттың қызына үйленуіне қарсы болған.

"Менің келінім итальянка. Бастапқыда 5-6 жыл қарсы болып жүрдік. Бірақ тағдыр, махаббат дегенге қарсы шыға алмайды екенсіің. Үлкен ұлым шетелде оқып жүрген кезінде танысыпты. Одан кейін үйленіп, қазір шүкір, бәрі жақсы", – деді Жұбаныш Жексенұлы.