фото: instagram/moldir.mt. Суретте: Мөлдір Мұқанова
Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желі оқырмандарына қуанышты жаңалығын хабарлады.
Мөлдір Мұқанова Instagram желісіндегі ресми парақшасында барабанда ойнап үйреніп жатқанын қуана мәлімдеді.
"Арманым орындалды, барабандыда үйреніп бастадым", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.
Мөлдірдің бұл бастамасына желі қолданушылары қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жаудырды:
"Керемет! Жарайсың!", "Тұла бойыңыз өнерге тұнып тұр ғой! Қолда бар өнерді неге көрсетпеске", "Ақ Молям жан-жақты, молодец! Өнерің өрлей берсін!", "Мен де үйренгім келеді, шабыт сыйладың!".