Данияр Елеусінов 5 жылдан кейін өткізген алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады (ВИДЕО)

Бүгін, 11:30 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Данияр Елеусінов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (13-0, 8 КО) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен бокс кешінде филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-6, 17 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жекпе-жек жартылай орта салмақ дәрежесінде өтті және сегіз раундқа жоспарланған еді. Алайда жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды – Данияр Елеусінов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Бұл – Данияр Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі 13-ші жеңісі және оның АҚШ-тағы соңғы бес жылдағы алғашқы жекпе-жегі болды. Бұған дейін ол 2020 жылдың қарашасында АҚШ-та намибиялық Джулиус Индонгоны (24-10, 13 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Тэгтер:

АҚШ кәсіпқой бокс Данияр Елеусінов Джеймс Бэкон