Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова Instagram желісінде бейнежазба жариялап, жеке өміріне қатысты жүрекжарды жазбасын бөлісті.
"Кешірші десең де, жүрек бұрынғыдай соқпайды. Жара жазылса да, ізі қалады. Жүрек бәрін ұмыта алмайды. Себебі ол енді бұрынғы емес. Кімге таныс жағдай?" – деп жазды ол жазбасында.
Желі қолданушыларының бірі Мөлдір Мұқановаға бұл жазбасы үшін сын айтты:
"Ажыраспаған болсаң, халықты мазақ қылма. Егер сен хайп жасап, елді алдап жүрсең, бұл – алаяқтық. Бес балаң бар, арам нан жегізбе. Біз қазір қолдап жүрміз, бірақ сенімнен шықсаң, халық қарсы шығуы мүмкін. Хайп деген – харам", – деп ескерту жасады.
Мөлдір бұл пікірге қысқа жауап қатты:
"Ешқандай да хайп емес!"