11 маусым күні Батыс Қазақстан облысында орын алған қасіретті оқиға бүкіл елді дүр сілкіндірді. Өрт салдарынан 5 бала көз жұмған отбасының әлеуметтік жағдайына қатысты мәліметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлім етті.
Вице-министрдің айтуынша, бұл отбасы:
- Көпбалалы отбасы ретінде тіркелген;
- 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы алып отырған;
- Жалпы көлемде 134 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы алған.
Сонымен қатар, отбасының әкесі жұмыс істеген, оның жалақысы шамамен 190 мың теңгені құраған.
«Отбасындағы жан басына шаққандағы орташа табыс көлемі – 47 мың теңге. Олар жергілікті атқарушы органдарға көмек сұрап жүгінбеген», – деді Виктория Шегай.