18-19 шілде күндері Мажарстан астанасы Будапешт қаласында күрес түрлерінен дәстүрлі Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп Sportinside.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше әйелдер күресінің шеберлері татамиге шығып, ел қоржынына қос жүлде салды. 72 келі салмақта ел намысын қорғаған Жәмилә Бақбергенова финалға дейін жетіп, ақтық белдесуде үндістандық Харшита Харшитаға есе жіберіп, күміс медаль иеленді. Ал 57 келіде сынға түскен Нилуфар Райымова қола жүлдеге қол жеткізді.
Бүгін бозкілемге тағы үш балуанымыз – Тыныс Дүбек (62 кг), Ирина Казюлина (68 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг) шығады. Сонымен қатар, грек-рим күресінің өкілдері де жарысқа қосылады.
Айта кетейік, халықаралық турнирге 14 елден 99 балуан қатысып жатыр.