Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи қос қызының шетелдік азаматтармен отбасын құрғаны жайлы айтып, бұл жағдайға өзін кінәлі санайтынын жасырмады. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Todayinfo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, қыздары шетелде білім алғаннан кейін елге бейімделе алмаған. Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында айтты.
"Шетелде оқыған соң сол жақта қалып қойды. Елге келгенде қоғамға сіңісе алмады. Теңін таба алмады. Мен бірін Америкадан арнайы шақырттым. Жолдасыма ұқсап жұмысқа орналастырып, жақсы табысқа жеткіздім. Бірақ екі рет махаббаттан таяқ жеп, жылап маған қайтып келді. Екеуі де шетелдік азаматтарға тұрмысқа шықты", – деді депутат.
Сөзінің соңында Ермұрат Бапи бұл жағдайға өзі де себепкер екенін айтып, ішкі өкінішін білдірді.
Ермұрат Бапи кім?
Ермұрат Сейтқазыұлы Бапи – Қазақстандағы танымал журналист, қоғам қайраткері, және қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Ол 1959 жылы 7 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
Қысқаша өмірбаяны:
- Жасы: 66 жаста
- Отбасы: Үйленген, жұбайы – Бисалиева Қарлығаш
- Тілдері: Қазақ, орыс тілдерін меңгерген